Ссылки доступа

Сооронбай Жээнбеков Қырғызстан президенті қызметіне кірісті


Бішкекте "Ала-Арча" резиденциясында Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Сооронбай Жээнбековтің ұлықтау салтанаты өтіп жатыр.

Салнататты шарада Сооронбай Жээнбековке Қырғызстан Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова Жээнбековке президент куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.

Бұдан соң Жээнбеков ел конституциясына қолын қойып, ант қабылдады. Жээнбеков қызметіне кірісіп жатып, "Құдайдың және елімнің алдында мемлекет басшысының өкілеттіліктерін әділетті түрде іске асыруға, адам және азамат құқықтарын және Қырғыз Республикасының Конституциясын қорғауға және мемлекетіміздің тұтастығы мен қауіпсіздігін сақтауға ант беремін" деді.

Азаттықтың Қырғыз редакциясының хабарлауынша, салтанатты шараға депутаттар, министрлер, шетел елшілері, халықаралық ұйымдардың өкілдері - барлығы 450 адам қатысып жатыр. Ұлықтау салтанатына шет мелмекеттер басшылары шақырылмаған.

Бұған дейін Қырғызстан премьер-министрі болған Сооронбай Жээнбеков қызметінен кеткен президент Алмазбек Атамбаев жетекшілік ететін Социал-демократиялық партиясы атынан сайлауға түсіп, 54 пайыз дауыспен жеңіп шыққан.

XS
SM
MD
LG