Ссылки доступа

Өзбекстан Қамбарата ГЭСін қырғыздармен бірге тұрғызғысы келеді


Өзбекстан "Қамбарата-1" ГЭСін тұрғызуда Қырғызстанмен әріптес болғысы келеді. Бұл туралы 23 қарашада қырғыз премьері Сапар Исаков парламент отырысында айтты.

Оның сөзіне қарағанда, Өзбекстан мен Қырғызстан президенттері Шавкат Мирзияев пен Алмазбек Атамбаев Қамбарата ГЭСінің құрылысы мәселесін талқылап, оны бірге тұрғызуға келіскен.

"Бұған дейін олар "Қамбарата-1" құрылысына қарсы шыққан. Енді олар қолдап отыр. Бұған қоса Өзбекстан жобаның бір акционері ретінде кіргісі келеді. Біз бұл ГЭСті Қырғызстанның, Өзбекстанның және басқа да көрші елдермен бірге тұрғызуымыз керек", - деді Сапар Исаков.

Нарын өзені бойында тұрғызылатын бұл жоба бірнеше жылдан бері тоқтап тұр. Станция қуаты 1860 мегаватт болады деп 1980-жылдары жоспарланған.

Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Кәрімов бұл жобаға қарсы шыққан еді.

XS
SM
MD
LG