Ссылки доступа

Душанбелік мектеп оқушысы Гиннестің Рекордтар кітабына енуі мүмкін (видео)


Душанбеде жеті жастағы мектеп оқушысы Эмомхусейн Умаров Гиннестің Рекордтар кітабына енгісі келеді. Ол 11 мың мәрте кеудесін жерден көтере алады.

Әкесі Раджаб Умаровтың айтуынша, бала бұл жаттығуды 6 сағат 20 минут бойы жасайды.

Дәрігерлер оқушыны жаттығуға дейін және кейін тексеріп көріп, денсаулығы жақсы екенін айтқан. Спорт дәрігерлері Эмомхусейннің осындай артықшылығына таңқалып отыр. «Олар дайындығы мықты спортшының өзі 11 мың рет кеудесін жерден көтере алмайтынын айтты», - деді Умаров.

Тәжік астанасындағы спорт клубтары баланың мұндай ерекшелігін естіп, өздеріне шақырып жатыр. Бірақ жүргізуші болып істейтін әкесінің баласын күнде клубқа апаратын уақыты жоқ.

«Қазір Эмомхусейнді өзім жаттықтырып жүрмін. Біздің мақсатымыз – Гиннестің Рекордтар кітабына ену, - деді Раджаб Умаров.

Оқушының өзі Тәжікстан чемпионы болуды армандайды.

XS
SM
MD
LG