Ссылки доступа

Сүннит елдері жаңа антитеррорлық коалиция құрды


Мухаммед бен Сальман Әл Сауд

Сауд Арабияның мұрагер ханзадасы Мұхаммед бен Сальман Әл Сауд жексенбі күні 41 ел кіретін жаңа исламдық антитеррорлық коалиция құрылғанын мәлімдеді.

Бұл әскери одақ аймақтарда белсенді әрекет жүргізіп жатқан террористік ұйымдарға қарсы күресті бастайды деп мәлімдеді ханзада.

Одақтас елдер өздерінің әскери, саяси және қаржылық мүмкіндіктерін терроризмге қарсы күресте біріктірмек. Арнайы қызметтердің өзара ынтымақтастығы да қарастырылған.

Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, коалицияға сүннит елдері кіреді. Олардың арасында Иран, Ирак және Сирия елдері жоқ. Әскери коалицияға қатысқан, бірақ араб елдерінің шектеуіне тап болған Катар да бұл ұйымда жоқ.

24 қарашада Египетте Синай түбегіндегі мешіттегі жарылыстан 300 адам қаза тапты. Қаза тапқандардың дені – бейбіт тұрғындар мен Египет әскерінің сарбаздары.

XS
SM
MD
LG