Президент аппаратының ақпараттық саясат бөлімінің хабарлауынша, Атамбаевқа мұндай атақ "елге сіңірген ерен еңбегі, Қырғызстанның мемлекеттік егемендігін, елдің бірлігін және өлкедегі тыныштықты нығайтуға, Қырғызстанның тұрақты дамуының негізін қалауға қосқан үлесі үшін, сонымен қатар саяси ерік пен ерлік көрсеткені үшін" берілген. Жээнбековтің жарлығы бойынша, Атамбаевқа "Ак шумкар" ерекше ерекше төс белгісі де тапсырылады.
Сооронбай Жээнбеков 24 қарашада қызметіне кіріс салтанатында сөйлеген кезінде президент ретіндегі алғашқы жарлығымен Алмазбек Атамбаевты ең жоғарғы мемлекеттік награда - "Ак шумкар" сыйлығымен марапаттайтынын айтқан.
Алмазбек Атамбаев сайлау алдында өзінің Социал-демократиялық партиясынан президенттікке кандидат болған Сооронбай Жээнбековке қолдау білдіріп, оны "досым" деп атаған.