Өзбекстанның бас прокуратурасы президенттің шағымынан кейін істі тексере бастаған. Бұл жөнінде Ташкент қаласы әкімдігіндегі дереккөз хабарлады.
"17 қарашада президент Мирзияев Сергелі ауданындағы жаңа тұрғын үй кешенінің ашылуына қатысты. Сол кезде тұрғындар оған пәтерлерді байлар мен шенеуніктерге таратып бергенін айтып, шағымданған. Сол жерде мемлекет басшысы арнайы комиссия құрып, тексеруді тапсырды. Қазір тексеру жүргізіліп жатыр," – деп хабарлады өзбек шенеунігі.
Оның сөздерінше, пәтерлерді беру кезінде алаяқтық жоспар орын алған.