Ссылки доступа

Өзбек банктері лимон мен тауық өсіруге несие бермейтін болды


Дәл осы кәсіптің түрімен айналысуды Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев тапсырды. Ол бұл іс байып кетуге мүмкіндік береді деп сенім білдірген.

Өзбек банктері желтоқсан айынан бастап тауық пен лимон өсіруді көздейтін шағын кәсіпке несие беруді тоқтататынын жариялады. Шағын несие беру банкі қызметкерінің сөздерінше, бұл жоба тиімсіз болған.

Тауық және лимон өсіру бастамасын өзбек президентінің өзі айтқан. Ол тіптен лимонды жаппай өсіріп, экспортқа шығарамыз деген.

Бірақ жобаны жүзеге асыру оңайға соқпаған. Тегін таратылған лимон көшеттері күтім көрмей, солып қалған. Балапандарды өсіруде де қиындық туған. Жұқпалы ауруға шалдыққан тауықтарды тұрғындар қалай емдеуді білмеген.

XS
SM
MD
LG