Ссылки доступа

ХОК ресейлік бес спортшыны жарыстан шеттетті


27 қарашада Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) ресейлік бес спортшыны өмір бойы дисквалифициялады. Сергей Чудинов, бобслеист Алексей Негодайло мен Дмитрий Труненков, сонымен бірге биатлоншы Яна Романова мен Ольга Вилухинаның допинг қолданғаны анықталған.

Олардың Сочи Олимпиадасындағы нәтижелері жойылды. Осылайша Ресей 2014 жылы Олимипиада ойындарында алған екі алтын, үш күмістен айырылды.

Он жеті елдің Ұлттық допингке қарсы агенттігі Ресейді 2018 жылғы Олимпиада ойындарынан шеттетуді талап етіп жатыр. Бұл жөнінде нақты шешім желтоқсан айында қабылданады.

XS
SM
MD
LG