Ссылки доступа

Түркіменабат президенттің келуіне қызу дайындалып жатыр


Түркіменстандағы Лебап аймағының орталығы Түркіменабад билігі президент Гурбангұлы Бердымұхамедовтың келуіне қызу дайындалып жатыр. Азатлык радиосы дереккөздерінің мәліметіне қарағанда, мемлекет басшысының жұмыс сапары 28 қарашада өтеді.

"Президенттің кездесулерін ұйымдастырушылар мен басшылыққа дайындық жоғары деңгейде болу керектігін ескерткен", - деп хабарлады Азатлык дереккөзі.

Жергілікті тұрғындардың хабарлауынша, қазіргі таңда бүкіл қала бойынша, соның ішінде мектептерде, президент өтуі мүмкін бас көшелерде сенбілік ұйымдастырылып, ғимараттардың алдыңғы жағын әрлеп жатыр.

"Бесінші базар маңындағы арнаның көперін жөндеді. Бұл арнада үш көпір болса, соның біреуін ғана президенттің келуі қарсағында жөндеп қойды", - деді Азатлык дереккөзі.

Ресми жұмыстарға байланысты орталық көшелер жабылып, қоғамдық көлік бағыттары өзгертілген.

XS
SM
MD
LG