Ссылки доступа

Ақтөбе облысында төрт адамға терроризм айыбы тағылды


Ақтөбе облысының төрт тұрғынына терроризм айыбы тағылып, екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Азаттыққа Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Соттың мәліметінше, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Ақтөбе облыстық департаменті төрт азаматқа Қылмыстық кодекстің 256-бабының 2-бөлімі ("Терроризмдi насихаттау немесе терроризм актiсiн жасауға жария түрде шақыру") бойынша айып тағып отыр. Ақтөбе қалалық №2 соты 25 қараша күні күдіктілерді екі айға қамауға санкция берген.

Күдіктілер Е.Сарқұлов, А.Мырзакәрімов пен А. Дәулетияров 1991 жылы, төртінші күдікті А. Сауанаев 1998 жылы туған.

Сот өзге мәліметтерді тергеу мүддесіне орай жарияламай отыр

XS
SM
MD
LG