Ссылки доступа

Ислам өркендеу партиясы басшысының бұрынғы кеңесші екі жылдан соң Ираннан Тәжікстанға оралды


Тәжікстанда тыйым салынған Ислам өркендеу партиясы басшысының бұрынғы кеңесшісі Саидиброхим Назар өткен аптада Ираннан еліне оралды.

Оның туыстарының хабарлауынша, Назар 2015 жылдың тамызынан бері Иранды паналап келген.

Бұрынғы кеңесшінің әйелі күйеуінің отанына төрт күн бұрын келгенін, ешкім оған қысым көрсетпегенін хабарлады. Бірақ ол тыйым салынған партия басшысының қалайша елге оралуға мүмкіндік алғанын айтпады. Саидброхим Назардың өзі үйде жоқ болып шықты.

Мұхиддин Кабиридің бұрынғы кеңесшісінің Ираннан Душанбеге қайтқаны туралы жаңалықты тәжік оппозиционері Дододжон Атовулло өткен түнде Фейсбуктегі парақшасында хабарлаған. Ол мұны "Кабиридің жеңілісі" деп атаған. "Саидиброхим партияның белді мүшелерінің бірі болған. Бұл партияның саясатына көңілі толмайтындар соның жағына шығуы мүмкін", - деп жазды ол.

2015 жылы жазда астаналық Сино ауданының соты оған 60 мың сомони айыппұл салған еді.

XS
SM
MD
LG