Ссылки доступа

Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 2018 жылы Ашхабадта өтеді


Халықаралық ауыр атлетика федерациясының атқарушы комитеті (IWF) әлем чемпионатын 2018 жылы Түркіменстан астанасы - Ашхабадта өткізу туралы шешім шығарды, деп хабарлады ТАСС ақпарат агенттігі комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұдан алдын әлем чемпионаты Перу астанасы - Лимада өтуі тиіс болған. Қараша айында перуліктер турнирден бас тартты. Оған чемпионат өтуі тиіс болған спорт орталығының дайын еместігі себеп болған.

Биыл қыркүйек айында Түркіменстан жабық ғимаратта V Азия ойындарын өткізді. Оған қажетті спорт кешендері мен инфрақұрылымға 10-15 миллиард доллар жұмсалған. Олимп қаласындағы ондаған нысанның екеуі - 5 миллиард долларға салынған жабық бассейн және жылқының алып басы Гиннестің рекордтар кітабына енді.

XS
SM
MD
LG