Ссылки доступа

Рим папасы Франциск Мьянма басшысы Аун Сан Су Чжимен келіссөз жүргізді


Папа римский Франциск и Аун Сан Су Чжи

Рим папасы Франциск Мьянманың азаматтық жетекшісі Аун Сан Су Чжимен келіссөз жүргізді. Әлемдік агенттіктердің хабарлауынша, Ватикан басшысы әлемдегі ең дағдарыс аймағына сапармен барып отыр.

Су Чжимен кездесуден соң Рим папасы Мьянма тұрғындарына үндеу арнады. Ол Бирманың болашағы "әрбір этникалық топтың" құқығын қорғауына байланысты екенін ескертті. Сол арқылы ол ондаған жылдар бойы мемлекеттен теперіш көріп, соңғы айларда аяусыз әскери қудалауға ұшыраған мұсылман рохинджаларға қолдау білдірді.

Франциск қудалау немесе "рохинджа" сөзін Аун Сан Су Чжи мен биліктің басқа да өкілдері алдында атаған жоқ. Бірақ ол Мьянма тұрғындары "азаматтық жанжалдар мен әскери қимылдардан зардап шегіп келе жатқанын", мұнда адам құқығы сақталуы керектігін баса айтты.

Негізінен буддалар тұратын Мьянмада "рохинджа" сөзін көпшілік алдында қолдану табу деп есептеледі. Шағын мұсылмандардың құқықтарын шектеп, оларға заңсыз "бенгал" иммигранттары деген ат беріп қойған.

АҚШ пен БҰҰ солтүстік Ракхайн штатындағы аз ұлттарға жасалған қысымды "этникалық тазалау" деп атады. Рохинджа бүлікшілері әскер бекетіне шабуылдаған соң, оған жауап ретінде күш қолданған, соның нәтижесінде 620 000-дан астам мұсылман рохинджа көршілес Бангладешке қашуға мәжбүр болды. Олар рохинджалардың тұтас ауылдары тоналып, өртеліп, әйелдер мен қыздарды зорлағанын хабарлады.

XS
SM
MD
LG