Жалилов видеода 30-дан асқан жесірге үйленгенін ашық айтады. Ол ер азаматтарға мүмкіндік болып жатса, өзінен үлгі алуға кеңес береді.
– Мен тағы үйлендім. Әйеліммен ажыраспадым. Ол, әрине, ренжиді. Бірақ бәрі жақсы болады. Мен 30-дан асқан жесірге үйлендім. Ол осыған дейін Түркияда жұмыс істеп келген. Балаларға қараған. Түркияға, Қытайға қыздарыңды жібермеңдер. Оларды өздерің қамқорлықтарыңа алыңдар. Мен үйленгім келмеді. Бірақ менен үлгі алсын дедім. Егер мүмкіндік болып жатса, үйленіңдер, – дейді видеожазбада экс-муфти Чубак қажы Жалилов.
Қырғыз құқық қорғаушысы Азиза Абдирасулова болса, бұрынғы мүфтидің заңды бұзып отырғанын айтып, прокуратураға шағымданатынын мәлімдеді.