Заң жобасына сәйкес, "шетел агенті" - БАҚ туралы заңды бірінші рет бұзғандарға жеке тұлға үшін 10 мың рубль, заңды тұлға үшін 500 мың рубль айыппұл салу қарастырылған. Егер тағы да заң бұзушылық орын алатын болса, жеке тұлғаға 50 мың рубль, заңды тұлғаға 1 миллион рубльге дейін айыппұл салынады.
Заң жобасын әзірлеушілердің сөздеріне қарағанда, құжат 2018 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуі тиіс.
Өткен аптада Ресейде шетелден қаржыландырылатын БАҚ-ты "шетел агенті" деп тану жөніндегі заң қабылданған.
Еуропалық одақ, АҚШ және халықаралық құқық қорғау ұйымдары, сонымен бірге Ресей президенті жанындағы адам құқықтарын қорғау кеңесі "шетел агенті" туралы заңның қабылдануын сынға алды.