Ссылки доступа

Ташкент әуежайына Ауғанстаннан алғашқы ұшақ қонды


Ташкентте Ислам Каримов атындағы халықаралық әуежайға 29 қарашада Кабул-Ташкент бағытындағы бірінші ұшақ қонды. Бұл рейс енді 8 желтоқсаннан бастап аптасына екі рет тұрақты түрде қатынайтын болады.

Осыған дейін Ауғанстаннан жолаушылар Ташкентке тек Стамбұл немесе Дубай арқылы қатынайтын. Енді Каублдан Ташкентке тікелей бір жарым сағатта ұшып келе алады.

Кабул-Ташкент авиарейсі екі елдің ұлттық компаниялары арасындағы келісімнің тек бір бөлігі ғана деп хабарланады. Екі ел арасында ауған ұшқыштарын оқыту, техникалық қызмет көрсету жөнінде де келісімге келген.

Таяу уақытта өзбек рейсі Ауғанстанға қатынайтын болады.

XS
SM
MD
LG