Ссылки доступа

Афина соты Ислам партиясы мүшесін Тәжікстанға экстрадициялаудан бас тартты


Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясы саяси кеңесінің мүшесі Шохнаими Карим (Мирзорахим Кузов) еліне экстрадицияланбайды. Афина соты 29 қарашада осындай шешім шығарды. Бұл жөнінде партияның баспасөз хатшысы Махмудджон Файзрахмонов хабарлады.

Оның сөздерінше, соттың шешімінде Мирзорахим Кузовтың ісінде саяси астар бар делінген. Сот тәжік оппозиционерін босатуға үкім еткен. Сот залында Исламның жаңаруы партиясының басқа да мүшелері болған.

Мирзорахим Кузов Грекия астанасында 9 қазанда Интерпол сұрауы бойынша ұсталған. «Мирзорахим Кузов Греция арқылы Варшавадан Тегеранға ұшып бара жатқан. Грек шекарашылары оны транзитті аймақтан ұстады», -деп хабарлаған еді сол кезде Махмудджон Файзрахмонов.

Оның сөздерінше, Кузов ЕҚЫҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кезекті конференциясына қатысу үшін Варшаваға барған.

XS
SM
MD
LG