Ссылки доступа

Хорватия премьері босниялық экс-командирдің Гаага сотында өзін өлтіргенін растады


Хорватия премьер-министрі Андрей Пленкович хорват генералы Слободан Праляктың өлгенін растады. Ол 29 қарашада бұрынғы Югославия жөніндегі халықаралық трибуналда у ішкен. Праляктың өлімі жөнінде хорват мемлекеттік телеарнасы да хабарлады.

29 қарашада баспасөз мәслихаты кезінде Пленкович «біз, өкінішке орай, Праляктың өз өмірін алып кеткен оқиғаның куәсі болдық» деп мәлімдеді. Премьер өлген генералдың отбасына көңіл айтты.

Гаага трибуналының спикері Ненад Гольчевський 72 жастағы Праляк сот жанындағы ауруханада көз жұмды деп хабарлады.

Праляктың қандай сұйықтық ішкені әзірге белгісіз.

29 қарашада сот Праляктың және оның бес әріптесінің 2013 жылы берген апелляциялық шағымын қараған. Ол кезде Пралякты әскери қылмыс жасады деп 20 жылға соттаған.

Слободан Пральяк - 1990 жылдары Югославияда болған ұлтаралық қақтығыстарда «адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны», «Женева конвенциясы мен соғыс салтын» бұзғаны үшін түрмеге қамалған алты хорват әскеридің бірі. Пральяк ірі қақтығыстардың бірі болған Мостар қаласындағы әрекеттері үшін сотталған.

XS
SM
MD
LG