Ссылки доступа

Бердімұхамедов аймақты аралап, шенеуніктерді жұмыстан босатып жатыр


Түркіменстан президенті Лебап облысына барғаннан кейін, бірден Мары облысына ат басын тіреген. Ол Лебап және Мары облысындағы аудан әкімдерінің бәрін қызметтен алған.

"Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасайтынына қарамастан, биыл Мары уәлаяты бидай өнімінде алған міндеттерін орындамады", - деп жергілікті баспасөз мемлекет басшысының сөздерін келтіреді.

Сонымен бірге президент Бердімұхамедовтің сөздерінше, уәлаят халқы таза ауыз сумен қамтамасыз етілмеген, арнайы бөлінген жер телімдеріне газ және электр орнатылмаған. Президент қала ішіндегі жолдардың жағдайына да көңілі толмайтынын білдірген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, бұл кемшіліктердің бәріне жергілікті әкімдер кінәлі деп атап өткен Түркіменстан президенті.

XS
SM
MD
LG