Оның мәліметінше, Оңтүстік-Жезқазған кенешінің 300-ге тарта жұмысшысы 29 қараша күні түскен түнгі ауысымнан кейін 30 қарашаның таңында жер бетіне шығудан бас тартқан.
Жұмысшылар корпорация басшылығына жалақыларын 70 пайызға көбейтуді, зейнетақыларын қайта есептеуді, емдеу-сауықтыру санаторияларында тегін емделуді талап еткен. Жұмысшылар өздерімен корпорация басшысы Эдуард Огайдің кездесуін талап етіп, ол орындалмаса шахтадан шығудан бас тартып отыр.
Қазақмыс" корпорациясының баспасөз қызметі Азаттыққа бұл ақпаратты қазір тексеріп жатқанын, анықталғанына қарай комментарий беретінін айтты.