Ссылки доступа

Тәжік-қырғыз шекарасындағы даулы аймақта Исфара тұрғынының үйі сүрілді


Исфара тұрғыны Хасан Хасановтың тәжік-қырғыз шекарасындағы даулы аймақта орналасқан үйі сүрілді. Кулик елді-мекеніндегі үйге байланысты өткен аптада тағы да жанжал шыға жаздады.

Исфара әкімшілігіндегі дереккөздің 30 қарашада хабарлауынша, шекараның даулы аумағына әлі күнге дейін делимитация жүрігізілмеген, сондықтан тұрғын үй алдағы уақатта дауға ұласпас үшін тәжік аумағына көшірілді.

Оның айтуынша, Хасан Хасанов екі жыл бұрын даулы жерге үй салуға рұқсат алған. Ұзақ келіссөздерден соң, бұл үйді Калъача қышлағына көшіру туралы шешім қабылданды.

"Қырғызстанның Баткен облысы билігінің мәлімдеуінше, қырғызстандықтардың көбі даулы аймаққа үй тұрғызылуына наразылықтарын білдірген. Олар бұл үй басқа жерге көшірілмесе, арты дауға ұласуы мүмкін екендігін ескерткен", - деп хабарлады Исфара әкімшілігі.

Тәжіктер көрші елдің уәжімен келісті, бірақ бұл аймақ қырғыздарға тиесілі екенін білдірмейді деді. Үй иесі үш күн бойы заттарын көшірген.

Өткен аптада ресми Бішкек тәжік-қырғыз мемлекеттік шекараны делимитациялау және демаркациялау жөніндегі үкіметаралық комиссиясынан «Ходжаи Горбобо» елді-мекені кімге тиесілі екенін анықтауды тапсырды. Дауға байланысты қос тарап «Ходжаи Горбобо» елді-мекенінің екі жағына өз шекарашыларын орналастырды.

XS
SM
MD
LG