Ссылки доступа

Өзбек қызы ғашығының үйленіп кеткенін естіп, Мәскеуде өзін өртеп жіберген


Өзбекстан тұрғыны ғашығының басқа қызға үйленіп кеткенін естіп, Мәскеуде өзін өрдеп жіберді. Денесінің 80 пайызын күйік шалған қызды аурухағана жеткізді, деп жазды «Московский комсомолец».

Басылым мәліметі бойынша, 32 жастағы Дилфуза Сирожиддинмен Өзбекстанда танысқан. Алты жыл бұрын олар Мәскеуге жұмысқа келген. Ұрыстан соң әйел жеті жастағы баласымен еліне қайтқан. Төрт айдан соң жігіт көп балалы әйелге үйленген.

Соны естіген Дилфуза баласымен Мәскеуге келген, жігітін өзіне қайтаруға тырысқан.

Баланың әкесі ұлын асырау үшін ақша жіберіп тұруға келіскен, бірақ Дилфуза қызғаныштан өзін өртеп жіберген, деп жазды «МК».

Аулада жанып жатқан әйелді көрген Сирожиддин өртті өшіруге тырысқан. Көршілер "жедел жәрдем" шақыртып, дәрігерлер әйелді ауруханаға жеткізген. Жансақтау бөлімінде жатқан Дилфузаның жағдайы мүшкіл екені хабарланды.

XS
SM
MD
LG