Ссылки доступа

АҚШ елшілігін алдамақ болғаны үшін, Душанбе тұрғындарына айыппұл салынды


Тәжік астанасының екі тұрғынына АҚШ елшілігі қызметкерлерін алдамақ болғаны үшін ірі көлемде айыппұл салынды. Бұл жөнінде Исмоили Сомони аудандық соты хабарлады.

Наурыз айында Душанбе тұрғындары Шодиёр Наркулов пен Мохира Рахимова өздерін кәсіпкер ретінде көрсетіп, америка елшілігі қызметкерлерін алдамақ болған. Олар америка визасын алу үшін, Әзербайжан, Беларусь шекара бекеттерінің жалған мөрін төлқұжаттарына басқан.

АҚШ елшілігі төлқұжаттағы басылған мөрлердің шынайылығын тексеру үшін сараптамаға жіберген. Тәжікстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті басылған мөрлердің жалған екенін анықтаған.

Сот отырысы кезінде жалған мөрді Бахтиёр деген азамат 40 долларға жасап бергені белгілі болған. Сот шешіміне сәйкес, Шодиёр Наркулов пен Мохира Рахимоваға 30 мың сомони (3400 АҚШ доллары) айыппұл салынған.

XS
SM
MD
LG