Ссылки доступа

Иранда әйелдер алаңына өту үшін, бапкер-ер азамат хиджаб киюге мәжбүр болған


Кабадди бойынша Азия ойындары барысында тайланд әйелдер командасының жаттықтырушы-ер азаматы хиджаб киюге мәжбүр болған. Иранда ер адамдарға әйелдерге арналған алаңға өтуге тыйым салынады.

Кабадди Иран Федерациясы аталған оқиғаға байланысты кешірім сұрап, тайлық бапкердің іс әрекетін сынға алды. Мәлімдемеде қатысушылар хиджаб тәртібі мен ер адамдарға тыйым салынатын ережені білу керек еді дейді.

Ал тайлық бапкер болса, алаңға өту үшін, хиджаб киюді ұсынғанын айтады.

Алайда Кабадди Иран Федерациясының басшысы Мохаммад Реза Максудлоу ISNA агенттігіне «Фотограф тайланддыққа алаңға кіріп, сүретке түсу үшін орамал берген» деген болжам айтқан.

Кабадди бойынша Азия чемпионаты Иранның солтүстігіндегі Горган қаласында 22-27 қарашада өтті. Жарыста Үндістан Пәкістанды жеңіп, жеңімпаз атанды.

XS
SM
MD
LG