Ссылки доступа

The New York Times: Ақ үй Рекс Тиллерсонды отставкаға жібермек


Рекс Тиллерсон
Рекс Тиллерсон

Ақ үй АҚШ мемлекеттік хатшысы Рекс Тиллерсонды қызметінен кетіріп, оның орнына Орталық барлау агенттігі (Central Intelligence Agency (CIA) директоры Майка Помпеоны тағайындамақшы. Бұл жөнінде The New York Times газеті АҚШ президенті әкімшілігіндегі дереккөзге сүйеніп жазады.

Кейірінек дәл осындай ақпаратты Associated Press пен Reuters агенттіктері мен басқада БАҚ жариялады. Ақ үй болса, кадрлық өзгерістер болатынын жоққа шығарады.

The New York Times газетінің дереккөзінің мәліметінше, Тиллерсон отставкасы алдағы бірнеше аптаның ішінде орын алуы мүмкін. Кадрлық өзгерістер барысында Орталық барлау агенттігі басшылығына Дональд Трамптың ең жақын әріптесі, республикашыл-сенатор Том Коттон келуі мүмкін. Газет Трамп Ақ үйде бұл жоспарды мақұлдады ма, жоқ па, нақты айтпайды.

Қазан айының басында NBC телеарнасы Тиллерсон Трамппен келіспеуі себептен, отставкаға кетпек деп хабарлаған. Телеарна дереккөзіне сүйеніп, Мемлекеттік департамент басшысы жазда кетпек болғанын айтқан. Бірақ вице-президент Майка Пенс оны көндіргендіктен, қызметінде қалған. Ал Тиллерсон бұл ақпараттардың бәрін теріске шығарып, президентке адал болып қала беретінін жеткізеді.

XS
SM
MD
LG