Ссылки доступа

Түркіменстан: шұғыл қызмет сарбаздары ата-аналарынан тамақ сұрайды


Азаттықтың түркімен қызметі дереккөзінің мәліметіне қарағанда, Түркіменстан қарулы күштерінің шұғыл қызметінде соңғы уақыттарды сарбаздарды азық-түлікпен қамтамасыз ету күрт нашарлап кеткен.

Шұғыл қызмет сарбаздарының ата-аналары балаларының әскерде аш жүргенін, олар үнемі тамақ немесе ақша сұрайтынын айтты. Сарбаздарға көбіне сұлы ботқасымен тамақтандырады дейді олар.

"Балам аш қалмас үшін, мен алыстағы әскери бөлімге үнему барып тұруыма тура келеді", - деді ата-ана. Оның айтуынша, әскери бөлім аумағында азық-түлік дүкені ашылған.

Азаттық дереккөзінің сөзіне қарағанда, елдің басқа да әскери бөлімдерінде осындай жағдай қалыптасқан.

Қазан айында тәуелсіз түркімен әскерінде сарбаздар рационы қысқарғаны туралы хабарлаған еді.

XS
SM
MD
LG