Ссылки доступа

Худжандта Ресейдің ғылыми және мәдени орталығы ашылды (видео)


Тәжікстанның Худжанд қаласында Ресей ғылым және мәдениет орталығының филиалы ашылды.

Салтанатты шараға Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Игорь Лякин-Фролов және Соғды облысы әкімшілігінің өкілдері қатысты

Филиал Худжанд орталығындағы оңаша үйдің екінші қабатында орналасқан. Мұнда кітапхана, оқу залы, кмпьютерлік класс және мәжіліс залы бар. Орталықта орыс тілін үйрену курстары, сурет студиясы жұмыс істейді, көрмелер мен конференциялар өткізіледі.

Еске салайық, Ресейдің ғылыми және мәдени орталығы алғаш рет Душанбеде 2011 жылы қыркүйекте ашылған еді. Мақсат - орыс тілі мен мәдениетін дәріптеу.

Тамыз айында Тәжікстанға 30 ресейлік ұстаз барды. Ресей бұл елге орыс тілінде 60 мыңнан астам оқулық жолдады.

Гуманитарная помощь Таджикистану: Россия направила в страну 60 000 учебников и 30 учителей
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:32 0:00

XS
SM
MD
LG