Ссылки доступа

Қырғызстанда абақтыдан қашқан төрт күдіктінің соңғысы ұсталды


Қырғызстанның құқыққорғау органдары Шу облысы Сокулук ауданының тергеу абақтысынан қашқан төрт күдіктінің соңғысын қолға түсірді. Бұл ақпаратты ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі растады.

Қашқын 1 желтоқсанда түнде Шу облысы Спартак ауылы маңында ұсталған.

Еске салайық, уақытша тергеу абақтысында отырған төрт күдікті 27 қарашада қашып шыққан еді. Келесі күні - 28 қарашада екі қашқын, екі күннен соң үшіншісі қолға түсті. Төрт күдікті аса ауыр қылмыстар жасаған деген айыптармен отыр.

Қашу фактісіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Іс аясында екі милиция қызметкері қамауға алынды. Сокулук ауданы ішкі істер басқармасы басшылығының барлығы дерлік ауыстырылды.

XS
SM
MD
LG