Ссылки доступа

Өзбекстан қажылыққа баратындарға талапты күшейтті


Өзбекстан мұсылманары діни басқармасы Меккеге қажылық жасауға ниет білдіргендерге қойылатын талапты күшейтті.

Діни басқарма 1 желтоқсанда жаңа фетв жариялады. Онда қажылыққа барғысы келетін адамның үйіне жеткілікті қаражат тастап қана қоймай, қажылық жасауға қажетті қаражаты болуы керек. Бұған қоса үлкен қажылық жасағысы келген адам өзінің махалласында сыйлы адам болуы тиіс.

"Қажылық жасаушылардың тізімін дайындау кезінде оның қаржылай мүмкіндігі ғана емес, оның адамгершілік қасиеттері де ескеріледі. Ол рухани бай адам болып, мұсылманның төрт парызын орындай білуі керек", - делінген фетвте.

32 млн халқы бар Өзбекстан үшін биыл жыл басында қажылық квотасы көбейді, бірақ билік екінші мәрте қажылық жасауға тыйым салды. Ел азаматтары өмірінде бір мәрте ғана кіші және үлкен қажылық жасай алады. Биыл 7,5 мың өзбекстандық қажылық жасады.

Бұған дейін хабарланғандай, Өзбекстанның көптеген азаматтары қажылық кезегін жылдар бойы күтетініне шағымданған. Кейбір азаматтар қажылыққа баратындардың тізіміне кіру үшін пара берілетіні туралы мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG