Ссылки доступа

Өзбекстандық әйел Воронежде өз баласын сатуға талпынған


Ресейдің Воронеж облысының прокуратурасы жаңа туған баласын сатуға талпынған Өзбекстан азаматы ұсталғанын хабарлады.

Ресми дерек бойынша, 39 жастағы Махлиёхон Муминова қыркүйек айында босанған, бірақ бала туғанын заңмен рәсімдемеген. Ол 29 жастағы танысы Саидулло Мирабдуллаевпен бірге нәрестені 30 мың рубльге сатуға оқталған сәтінде қолға түскен.

Баланы сатып алушы болып шұғыл-іздестіру тобының қызметкері шыққан.

Муминова мен Мирабдуллаевқа адам саудасына қатысты бап бойынша айып тағылды. Күдіктілер кінәсі дәлелденген жағдайда, олар он жылға дейін бас бостандықтарынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG