Ссылки доступа

Қазақстан журналистері одағының басшысы Сейітқазы Матаев бостандыққа шығады


Қазақстан журналистер одағының төрағасы Сейітқазы Матаев бүгін бостандыққа шығады. Ол қамауда 16 айдан астам уақыт отырды. Матаевты бюджет қаражатын жымқырды деп айыптады, бірақ ол істің саяси астары барын мәлімдеумен болды.

Алматы облысы Заречное кентіндегі ЛА-155/14 жалпы режимдегі колониядан оны туыстары, жақтастары және журналистер күтіп алады.

16 қарашада Алматы облысы Қапшағай қаласының соты Матаевтың уақытынан бұрын бостандыққа жіберу туралы арызын қанағаттандырды. Прокурор оған қарсылық білдірмеген соң, сот үкімі күшіне енді.

Сотқа арызданған адвокаттар Матаевтың зейнеткер жасы мен оның денсаулық жағдайын ескеруін сұраған. Оның қорғаушылары түрме әкімшілігі Матаев тәртібін жақсы деп бағалаған.

Өткен жылы қазан айында Матаев БАҚ-қа мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін бөлінген қаражатты жымқырды деген айыппен алты жылға сотталды. Дәл осындай айыппен оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет Матаев бес жылға бас бостандығынан айрылды. Екеуі де тағылған айыптарды жоққа шығарды.

Әсет Матаевты уақытынан бұрын бостандыққа шығаруға өтініш жазу мерзімі әлі келген жоқ. Оның туыстары мұндай арызды көктемде беруді көздеп отыр.

Биыл сәуір айында Сейітқазы Матаевтың түрме мерзімін екі жыл және сегіз айға қысқартты. Күзде Матаев БҰҰ-ның азаптауға қарсы комитетіне шағымданып, сот жүйесі медициналық қорытындыны қаперге алмай отырғанына арызданды.

XS
SM
MD
LG