Ссылки доступа

ХОК Ресейді қысқы олимпиададан шеттетті


Ресей құрамасы 9-28 ақпанда Пхёнчханда (Оңтүстік Корея) өтетін қысқы олимпиадаға қатыспайды, "қатаң допинг шарттарына" сай жеке ресейлік спортшылар олимпиада туы астында қатысады. Бұл шешімді Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) 5 желтоқсанда Лозаннадағы (Швейцария) арнайы отырыста қабылдады.

Ресей спортшылары олимпиаданың ашылу және жабылу салтанатына қатыспайды. Олар жарысқа OAR (Olympic Athlete from Russia) деген атаумен шығады. Олимпиада кезінде Ресей әнұраны мен туын қолдануға да тыйым салынды.

Халықаралық олимпиада комитеті Ресейді 2014 жылы Сочи олимпиадасы кезінде "допинг сынамаларын ауыстырды", "ел үкіметі допинг жүйесін қолдаған" деп айыптайды. Ал Ресей бұл айыптардың "саяси астары бар" деп санайды.

XS
SM
MD
LG