65 жастағы фермер Ибрагим Холназаровтың сөзіне қарағанда, бюро қызметкерлері шаруаны бидай мен күріш жоспарын орындамады деп негізсіз айыптаған.
Шаруаның Равшанбек есімді ұлы милиция қызметкерлерінің аудан басшысы бұйрығымен күрішті тартып алуға тырысқанын айтып берді.
"Біз қақпаны ашпадық, бірақ олар дуалдан асып кірді. Қойманы ашып, күріш салынған қаптарды әкетуге талпынды. Әкем келіп, барлық құжаттары дұрыс екенін көрсеткен соң, оны аудан орталығына алып кетті. Әкем оларға құжаттарын көрсеткен. Содан кейін ғана қаптарды орнына қайтарды", – деді шаруа ұлы.
Дегенмен Музрабад ауданының басшысы Жовли Холмурадов шаруа егісін күшпен тартып алмақ болды деген ақпаратты теріске шығарды. "Ешқандай тонаушылық емес. Олардың салық комитетіне қарызы болған. Бюро қызметкерлері өз жұмыстарын атқарды", – деді ол.