Қозғалыстың баспасөз хатшысы Марьяна Почтардың басылымға хабарлауынша, Саакашвили ешқандай процессуалдық құжаттарға қол қоймаған, мұндай құжатты алмаған. Оның айтуынша, 6 желтоқсанда Саакашвили Жоғарғы Рада алдында брифинг өткізіп, жағдайды заңгерлермен бірге талқылайды.
Бұның алдында, сейсенбі күні Украина бас прокуроры Юрий Луценко саясаткер Саакашвилиге "қашқын" деген мәртебе берілгенін мәлімдеді. Оппозиционерді полициядан жақтастары арашалап алған еді. Луценко Саакашвилиге өз еркімен полицияға берілуі үшін 24 сағат уақыт берді.
6 желтоқсанда бас прокуратураның баспасөз хатшысы Лариса Сарган саясаткерге іздеу жарияланғанын Twitter'де хабарлады.
Украина билігі Саакашвилиді мемлекеттік төңкеріс жасауға талпынды деп айыптады.
(Саакашвилиді ұстау және босату - фотогалерея).