Ссылки доступа

"Coca-Cola" Түркіменстандағы өндірісін тоқтатты


Азаттық радиосы түркімен қызметінің дереккөзі "Coca-Cola Türkmenistan" компаниясы қызметін тоқтатып, ондағы қызметкерлердің бәрін жұмыстан шығарғанын хабарлайды.

Алайда "Coca-Cola Turkmenistan" компаниясына иелік ететін "Coca-Cola İçecek" түрік компаниясы Түркіменстандағы жұмыстарын тоқтатпайтынын мәлімдеді.

"Компанияға қатысты мәлімет шындыққа сәйкес келмейді. Түркіменстандағы жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. "Coca-Cola İçecek Turkmenistan" фирмасы таза және газдалған су өндіреді. Ашхабадта, біздің фирмада 300 адам жұмыс істейді", - деп мәлімдеді компания басшылығы.

Бірақ "Coca-Cola İçecek" компаниясының өкілі Александр Аккирман валютаны конвертациялауға байланысты қиындықтар болып жатқанын мойындады. Осыған байланысты "Coca-cola" сусынын шығаруды тоқтатқан.

Қараша айында "Coca-cola" сусындары Түркіменстанда 2-3 есеге қымбаттап кеткен. Астанадағы "Шахада", "Багтыярлык" және "Камиль" секілді ірі супермаркеттерде "Coca-cola" өнімдері көрінбейді.

XS
SM
MD
LG