Ссылки доступа

Өзбекстан тарихында алғаш рет рақымшылық туралы жарлық қабылданды


Өзбекстан Конституциясының қабылданғанына 25 жыл толуына орай ел президенті Шавкат Мирзияев 2700 жазасын өтеушіге рақымшылық жариялады. Мұндай жарлық Өзбекстан тарихында алғаш рет қабылданып отыр.

Құжатқа сәйкес, жасаған қылмысына өкініш білдіріп, түзелуге бет алған колониядағы 956 жазасын өтеуші бостандыққа шығады.

Рақымшылық жарлығының арқасында бұл адамдар тезірек отбасымен қауышып, қоғамға қайта оралады.

29 қыркүйекте президент Мирзияев осы заңға қол қойды. Рақымшылықты президент жариялайды.

XS
SM
MD
LG