22 қарашада парламент мәжілісі мақұлдаған заң жобада бірқатар жаңа терминдер енгізіп, журналистерді адамдардың отбасылық және жеке өмірдерін жариялау үшін рұқсат алуға міндеттейді. Сонымен бірге БАҚ-тың мемлекеттік мекемелерге сауалына жауап беру мерзімі ұзартылған. Сайт иелеріне материалға комментарий берушілердің аты-жөнін жазуды талап етеді.
Парламент сенатына жолдаған үндеу авторлары аталған заң жобасы БАҚ-тың басты міндетін атқаруға кедергі келтіретінін айтады.
«Бұл заң жобасындағы кейбір баптар сөз бостандығының халықаралық талаптарына қайшы келеді»,- делінген үндеуде.