Ол «Кыргызкомур» кәсіпорынының жұмысшыларымен кездесті. Оның айтуынша, шекарадағы жағдайға байланысты екі ай бойы көрші елден көмір келмеген уақытта "қазақ көмірінсіз өмір сүруге болатыны белгілі болды".
"Көмір тапшылығы сезілмеді, бірақ алып-сатарлар бағаны өсіріп жіберді", - деді ол.
Рыскуловтың айтуынша, Қырғызстанға жылына 1,8 млн тонна көмір қажет. Үкімет отандық көмір өндіруді жылына 1,5 млн тоннаға жеткізуді міндеттеді.
Қазақ көмірінің бір тоннасы 30 доллар, ал жергілікті көмір 50 доллар тұрады.