Танымал суретшінің айтуынша, мәрмәр мен граниттен дайындалатын ескерткіш "мәңгіліктің әлемге жолдаған ұлы елшісіне" арналады. Ескерткіш пішіні жақында Өзбекстан ұлттық банкінің Өнер галереясында қоғам назарына ұсынылды.
Мүсінші бұл ескерткіштің Ислам мәдениеті орталығындағы құнды жәдігерге айналатынына сенімді.
"Жақында Дубайда менің көрмем өтті. Араб шейхтері менің шығармамды жылы қабылдады. Олар исламда мақұлықтардың суретіне тікелей тыйым салынбағанын айтты", - деді Джалолов.