Ссылки доступа

Қазақстанда ереуілдеген шахтерлермен келіссөз жалғасып жатыр


Қарағанды облысындағы шахталарда жұмыс істейтін 200-ге жуық кенші желтоқсанның 11-і түнгі ауысым аяқталғаннан кейін, "төрт шахтадағы жұмысшылардың бір бөлігі жұмыс орнынан кетуден бас тартқан".

Көміршілердің «Қорғау» кәсіподағы жетекшісі Марат Мирғаязов келіссөздер жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, шахтерлердің жұмыс берушіге бірнеше талабы бар, оның негізгісі - жалақыны 100 пайыз көбейту.

Шахталардың иесі «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы мұның "жұмысшылардың рұқсат етілмеген акциясы" екенін хабарлады.

«АрселорМиттал Теміртау» жұмысшылары жалақыны көбейту мәселесін бұрын да бірнеше рет көтерген. 2017 жылы тамыз айында Қарағанды облысының металлургтері мен шахтерлері жалақыларын 30 пайыз көбейтуді талап еткен.

XS
SM
MD
LG