Ссылки доступа

Самарқан тұрғыны АҚШ сақтандыру компанияларынан 150 млн доллар ұрлаған


Нью-Йоркте денсаулық сақтау саласында аса ірі алаяқтық жүйе әшкереленді. Қылмыстық топ шамамен 150 млн доллар шығын келтірген. Америкалық сот өткен аптада Самарқан тұрғыны Кристина Мирбабаеваға, оның күйеуі Александр Копенкинге және анасы Ирина Федороваға айып тақты.

Үшеуін Бруклиндегі миллиондаған доллар тұратын пентхаустан кісендеп алып шықты. Қылмыстық топты 35 жастағы Мирбабаева басқарған делінеді. Бруклин прокуратурасының хабарлауынша, қылмыстық топқа кем дегенге 20 тұлға және 14 корпорация кірген. Олардың ішінде төрт дәрігер бар.

Қылмыстық топ мүшелері үйсіз бруклиндіктердің медициналық сақтандыру карталарын 40 долларға сатып алып, оларды қылмыстық жүйелерге кіретін клиникаларға өткізіп отырған.

Қажетсіз ем-дом үшін дәрігерлер де ақша алып отырған.

Бруклин прокуратурасы қылмыстық топқа қатысы бар 130 банк есебін құлыптады.

XS
SM
MD
LG