Ссылки доступа

Теміртаулық кеншілер олигарх Лакшми Митталмен кездесу талап етті (видео)


"АрселорМиттал Теміртау" кәсіпорынына қарасты шахтада ереуілдеп отырған кеншілер саны 12 желтоқсанда 684 адамға жетті.

"Қазір сегіз шахта ереуілге қосылды, барлығы 684 адам", – деп хабарлады Қазақстанның еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.

Кеншілер айлықты екі есеге көтеруді, зейнеткерлікке 50 жасында шығуды, ауырған күндердің төленуін, қаланың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуын талап етті.

Бұған қоса олар шахтаға иелік ететін үнді миллиардері Лакшми Митталмен кездестіруін талап ретінде айтты. "Оның қолы бос емес екенін түсінеміз. Қазір XXI ғасыр емес пе? Оны байланыс арқылы ұйымдастыруға да болады", – дейді кеншілер.

"Поднятие тарифной ставки на 100%, пенсия в 50 лет и стадион" – чего хотят бастующие в Темиртау шахтеры
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:38 0:00

Әрбір шахтадан келіссөздерге қатысуға өкілдер жіберілді. "Жұмысшылардың 32 өкілі жұмыс берушімен келіссөздер жүргізіп жатыр", – деді министр.

"Ребята в шахте сказали, что не выйдут, пока не будет решения": чего требуют бастующие в Темиртау
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:00:30 0:00

XS
SM
MD
LG