Қырғыз үкіметінің қоғаммен байланыс бөлімінің хабарлауынша, мұндай шешімді премьер-министр Сапар Исаков шығарған.
«Аталған шешім 1994 жылдың 24 желтоқсанында қол қойылған Өзбекстан мен Қырғызстанның мәңгі достығы жөніндегі келісімге сәйкес қабылданған», - делінген.
Құжатқа сәйкес, Ыстық көл облысындағы «Бостери» (бұрынғы «Алтын құм»), «Алтын-Жай» (бұрынғы «Рохат-НБУ»), «Энесай» (бұрынғы «Дилором») және «Бустон» демалыс орындары Өзбекстанның пайдалануына берілген.
Алайда пансионаттар орналасқан жер учаскелері Қырғызстанның меншігінде қала береді. «Өзбекстан тарабы нысандарды 3 немесе 4 жұлдызды қонақ үйлерге айналдырып, инвестиция құяды. Жыл бойы жұмыс істеп тұруын жауапкершілігіне алады», - делінген хабарламада.