Ссылки доступа

Өзбекстанда шенеуніктер қарамағындағыларды балағаттауын доғарар емес


Өзбекстанның Әндіжан облысы Боз ауданының басшысы Абдурашид Мамиров жақында өткен жиналыста, мектеп, колледж және балабақша басшыларын сөгіп, оларды «арамзалар, малғұндар және қаншықтың балалары» деп сөккен.

Бәрінен де түнгі кезек ұйымдастырмаған балабақша басшылары мен жиналысқа кешігіп келгендер көп сөз естіді. Алты минуттың аудиофайлды «Озодлик» редакциясына 11 желтоқсанда жиналысқа қатысқандардың бірі жолдаған. Жергілікті екі шенеунік ондағы дауыстың Абдурашид Мамировтікі екенін растады.

Жиналысқа аудандық милиция және прокуратура басшылары да қатысқан, бірақ аудан басшысының әйелдерді балағаттағанына ешқандай әрекет жасамаған.

Аудан басшысы оларды балағаттап қана қоймай, екі балабақша басшысын тез арада жұмыстан шығаруды бұйырған.

Мамировтың өзімен байланыс орнату мүмкін болмады. Боз ауданындағы жергілікті мекеменің бір қызметкері Мамировтың мәдениетсіздігі баяғыдан белгілі екенін айтты.

XS
SM
MD
LG