Ссылки доступа

Сальма Хайек продюсер Вайнштейнді сексуалдық озбырлық жасады деп айыптады


Америкалық киноактриса Сальма Хайек "Нью-Йорк таймс" басылымына өзі және көптеген Голливуд актрисалары продюсер Харви Вайнштейн тарапынан сексуалдық озбырлық көргенін жазды.

"Көп жыл бойы ол менің құбыжығым болды", - деп жазады Хайек.

1990 жылдары актриса Miramax Films компаниясы түсірген фильмдерге түскен. Ол кезде компания басшысы Вайнштейн болған. Хайек продюсерге мансабының бастапқы кезеңі үшін алғысын білдіреді. Бірақ оның сөздерінше, киномагнат үнемі түнде ол тоқтаған қонақ үйдің алдына келіп тұрған. Бірақ актрисаның төсек қатынасынан бас тартуы Вайнштейннің ашу-ызасын туғызған.

2002 жылы суретші Фрида Калоның өмірбаяны жөнінде фильмді түсіру кезінде Вайнштейн Хайекке қатаң талаптар қоя бастаған. Атап айтқанда, ол актрисадан жалаңаш эпизодтарға түсуін талап еткен. Хайек фильмді аяқтау үшін бәріне келістім дейді. Түсірілім барысында Хайектің жүйкесі сыр берген. "Мәселе, мен жалаңаш басқа әйелдің жанында жатқанымда емес, мәселе Харви Вайнштейн үшін жалаңаш жатқанымда болды",- деп еске алады ол.

"Фрида" фильмі 56,3 миллион доллар пайда әкеліп, Оскар сыйлығының алты номинациясы бойынша жүлде алды. Ондаған әйел Вайнштейнді сексауалдық озбырлық үшін айыптады. Үстінен қылмыстық іс қозғалған продюсер болса, барлық айыптарды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG