«Барлық несие жүйесі қаржы құрылымдары арқылы жүзеге асады, үкімет бұл несиеге байланысты ешқандай кепіл болмайды. Мұнан бөлек барлық мәселелер Қырғызстан мен Өзбекстанның несие жүйесі арқылы жүзеге асырылады», - деді ол.
Несиені алу мерзімі мен шарттары туралы министр ақпарат бермеді.
13-14 желтоқсанда Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Өзбекстанға ресми сапармен барды. Қырғыз делегациясының құрамында үкімет мүшелері, Жогорку Кеңеш депутаттары және кәсіпкерлер болды.