Ссылки доступа

Түркіменстанда кезекті рет азық-түлік дағдарысы басталды


Таяуда ғана Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхамедов елде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде комиссия құрды. Осының алдында елде ұн тапшылығы байқалған.

Түркіменстан астанасында тауық жұмыртқасы тапшылығы байқалады. Жергілікті тұрғындар мұны азық-түліктің қымбаттауымен байланыстырады.

“Базарда тағам өнімдері күннен күнге қымбаттап жатыр. Оның үстіне свет, газ және суға коммуналдық төлем қызметтері өсті. Бұл жағдайда елде жұмыртқа ең қолжетімді тағам еді”, - дейді Ашхабад тұрғыны.

Бір апта ішінде астана базарларында жұмыртқа бағасы бірнеше есеге өскен. Желтоқсан айының басында Ашхабад базарларында бір жұмыртқа 40 теңгеге сатылған. Ал қазір бір данасы 60-65 теңге тұрады (3.5 маната - 1 АҚШ доллары).

Ішкі істер министрлігіндегі дереккөз азық-түлік бағасының өсуін облыстық нөмірі бар көліктердің Ашхабадқа кіруіне шектеу қойылғанымен түсіндіреді.

XS
SM
MD
LG