Ссылки доступа

Қазақстан соты кеншілерге «ереуілді тоқтатуды» міндеттеді (видео)


Шахтинск қалалық соты 14 желтоқсанда «АрселорМиттал Темиртау» (АМТ) компаниясының Қарағанды облысының төрт шахтасында «жұмысшылар ереуілін тоқтату туралы» шағымын қанағаттандырды.

Сот анықтамасында «Іске қатысты тұлғаларға сот отырысының өтетін орны және уақыты хабарланған. Бірақ олардың сотқа қатыспауы тараптардың шағымын қарауға кедергі болмайды» делінген. Арыз берушінің дәлелін тексеріп, сот АМТ-ның "Қазақстан", "Шахтинская", "Тентек"" және "Ленин" шахталарындағы ереуілді тоқтату талабы негізді деп санаған.

Сот пікірінше, шешім адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қауіптің алдын алуы үшін шығарылып отыр. Бұл шешім кеншілерге шахтадан шығып, ереуілді тоқтатуды міндеттейді делінген.

Бірнеше жүздеген шахтерлар (кеншілердің ақпараты бойынша 700 адам) 11 желтоқсанда шахтадан шығудан бас тартып, еңбек ақыларының көтерілуін талап еткен. Олар зейнеткерлікке 50 жастан шығу, еңбекке жарамсыздық парағы бойынша жалақыны толық көлемде төлеу, 2017 жылдың 13-ші жалақысын төлеу секілді талаптар қойып отыр.

XS
SM
MD
LG