Ссылки доступа

ЕДҚБ Тәжікстандағы темір жолдарды жетілдіруге қаражат бөледі

Ukraine -- A locomotive with freight wagons is pictured at a railway station in Kyiv, September 29, 2015
Ukraine -- A locomotive with freight wagons is pictured at a railway station in Kyiv, September 29, 2015

Еуропалық даму және қайта құру банкі Тәжікстанға темір жолдарды жетілдіруге 26 млн доллар бөледі, деп хабарлады ұйымның баспасөз хатшысы Антон Усов. Бұған қатысты түпкілікті шешімді банк басшылығы 2018 жылдың ақпан айында қабылдайды.

Қаражат жаңа вагондар, дизель локомотивтерін алуға, сонымен бірге ғимараттарды жөндеуге және басқа да өнімдер алуға жұмсалады.

"Тәжік үкіметі елдің темір жолдарын толықтай жаңарту бағдарламасын мақұлдады. Оған 109 млн доллар қажет. Соған 2 мың жаңа вагон, 40 дизель локомотиві сатып алынады", - деді Антон Усов.

Еске салайық, 2013 жылы сәуірде Ресей үкіметінің вице-премьері Дмитрий Рогозин Душанбе — Мәскеу пойызын тексерген еді. Сол кезде ол вагондардың ластығын айтқан.

Сол тексеруден соң "Тәжік темір жолдары" кәсіпорыны жүздеген жаңа вагон сатып алған.

XS
SM
MD
LG