Ссылки доступа

Тоқаев: Апострофтарды газеттерде және басқа жерлерде қолдануға әлі ерте


Апострофтарды қазақ әліпбиінің латын қарпіндегі жаңа белгісі ретінде қабылдап, оны пайдалану әлі ерте. Қазақстан парламенті сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіне осылай деп жазды.

"Ұлттық комиссия әлі қазақ әліпбиін латын қарпіне көшуге байланысты толыққанды шешім қабылдаған жоқ. Сол себептен апострофтарды газеттерде және басқа жерлерде қолдануға әлі ерте", - деп жазды Тоқаев.

Биыл Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ әліпбиін латын қарпіне көшірудің уақыты келгенін мәлімдеген. Назарбаевтың жарлығымен көпшіліктің сынына қалған жаңа әліпби бекітілген.

Жұмыс тобы кейінірек, бұл толыққанды, шешілген нұсқа емес деп мәлімдеді. Елде бірқатар БАҚ президент бекіткен әліпбиді қолдана бастады. Аймақтарда кейбір мемлекеттік мекемелерде тақтайша жазулары да жаңа әліпби бойынша латын қарпімен жазыла бастаған.

XS
SM
MD
LG